Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада жауған нөсер жаңбырдан кейін қаланың бірнеше көшесін су басты. Әлеуметтік желіде тұрғындар суға толған жолдар мен көліктердің видеоларын жаппай жариялап жатыр.
Кадрлардан көшелердің, қиылыстардың және жаяу жүргіншілер жолдарының су астында қалғанын көруге болады. Кейбір учаскелерде су деңгейі көліктердің есігінің төменгі бөлігіне дейін жеткен.
Посмотреть в Threads
Тұрғындардың айтуынша, су жиналған орындардың қатарында Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Тәуелсіздік көшесі маңы бар. Бейнежазбалардың бірінде көліктердің терең суды баяу кесіп өтіп бара жатқаны байқалады.
Посмотреть в Threads
Желі қолданушылары жариялаған басқа видеоларда нөсермен бірге желдің күшейіп, ағаштардың қатты шайқалғаны, ал көріну қашықтығының төмендегені көрінеді. Осыған байланысты жүргізушілерге су басқан көшелерге кірмей, мүмкіндігінше балама бағыттарды таңдауға кеңес берілуде.
Посмотреть в Threads
Кейбір тұрғындар әлеуметтік желіде жағдайды әзілмен сипаттады.
Посмотреть в Threads
«Қайық шығаратын уақыт келген сияқты», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Ал енді бірі қала көшелерін Венециямен салыстырып, ауа райын «апокалипсиске ұқсайды» деп бағалады.
Посмотреть в Threads
Бұған дейін «Қазгидромет» 23 шілдеде Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Сондай-ақ желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал екені хабарланған.
Посмотреть в Threads
Әзірге зардап шеккендер немесе ірі жол-көлік оқиғалары туралы ақпарат түскен жоқ. Материал жарияланған сәтте Астана әкімдігі су басқан учаскелердің нақты саны мен суды сору жұмыстары туралы ресми мәлімет таратпады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?