30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Қазақстанға бір алтын, бір күміс медаль бұйырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін велошабандоздар 207.7 шақырымға топтық жарыс бойынша сынға түскен. Азия ойындарына бірінші рет қатысқан 23 жастағы Евгений Федоров топ жарды.
1.Евгений Федоров (Қазақстан) — 4:25:29
2.Алексей Луценко (Қазақстан) — 4:25:29
3.Жамбалцамц Саибайяр (Моңғолия) — 4:31:11
...5.Дмитрий Груздев (Қазақстан) — 4:31:11
...18.Глеб Брусенский Қазақстан) — 4:32:50
Евгений Федоров 2018 жылы жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанып, 2019 жылы ересектер сапына қосылды.
Төрт жыл ішінде отандасымыз 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы, 4 дүркін Азия жеңімпазы деген атақты иеленген.
2014 жылдан бері Алексей Луценко Азия ойындарының 6 сайысына қатысып, бесеуінде жүлдегерлердің қатарынан табылды.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды