23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОтандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясы сары құрлық біріншілігінде қазақстандық велошабандоздың оқ бойы озық шығып, мәре сызығын бірінші кескенін мәлімдеді.
Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті. Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісіне бұйырды.
Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шыққан болатын.
Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады