15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Папа Лев XIV Рим куриясының жаңа регламентін бекітті. Бұл құжат – Қасиетті тақты басқаруға қатысатын әкімшілік органдардың жұмыс тәртібін анықтайтын негізгі ереже, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңартылған нұсқа нормативтік актілерді тек латын тілінде жасау міндетті емес екенін нақтылады. Бұл туралы Ватиканның ресми баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде айтылған.
Құжаттың 50-бабында: «Курия мекемелері өз актілерін әдетте латын тілінде немесе басқа тілде дайындайды» деп жазылған. Ал 1999 жылғы ескі редакцияда латын тілінен бас тартуға тек ерекше қажеттілік туындағанда ғана рұқсат етілетін. Сондай жағдайда құжат авторы «ең кең таралған» қазіргі тілдердің бірін таңдауы тиіс еді.
Жаңа нұсқада Мемлекеттік хатшылық құрамындағы Латын тілі бюросының жұмысы сол күйі сақталады. Бұл орган Рим куриясына қызмет көрсетуді жалғастыра береді. Сонымен қатар Ватикан жарияланатын негізгі құжаттардың танымал әлемдік тілдерге аударылып шығуын қадағалайды.
Католик шіркеуі Ватиканнан тыс өңірлердегі қауымдарға құлшылықты өз тілдерінде өткізуге бұрыннан рұқсат еткен. Ал Папа сарайының ішінде ең көп қолданылатын тіл – итальян тілі. Соған қарамастан, Ватиканның лауазымды тұлғаларының айтуынша, құжаттарды итальян, ағылшын, француз және басқа да қазіргі тілдерде әзірлеуге рұқсат беру латын тілінен біртіндеп бас тартуды білдіреді. The Catholic Herald басылымының жазуынша, жаңа регламент Ватиканның ішкі басқару жүйесіндегі соңғы жылдардағы ең ауқымды реформа болып отыр.
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд