1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЕлордада вандализм мен қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне қарсы жүйелі жұмыс басталды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Қалалық полиция қызметкерлері тәулік бойы тәртіп бұзушыларды анықтап, заңға сәйкес жауапкершілікке тартуда. Түнгі уақытта полицияға жедел жәрдем жүргізушісі хабарласып, белгісіз ер адамның Бейбітшілік көшесінде қызметтік көліктің алдыңғы терезесін сындырғаны мәлім болды.
Тексеру кезінде 44 жастағы азаматтың мас күйінде көшеде кетіп бара жатып, алдынан өткен жедел жәрдем көлігіне барсеткасын лақтырғаны анықталды. Салдарынан көліктің алдыңғы әйнегі зақымданған. Полиция қызметкерлері оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Тағы бір осындай оқиға түнгі сағат үш шамасында болды. Мас ер адам аялдама павильонының әйнегін сындырған. Куәгерлер бұл туралы полицияға хабарлады, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні дереу ұстады.
Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабының 1-бөлігі – «Өзгенің мүлкін әдейі бүлдіру немесе жою» бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамалды.
Жыл басынан бері Астанада бөгде мүлікті әдейі бүлдіру немесе жою бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркелген. Сол кезеңде «Ұсақ бұзақылық» бабымен 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылған. Полиция қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады. Қоғамдық орындардағы бұзақылық әрекеттер заңмен қатаң жазаланатыны ескертіледі.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?