1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіӘнші, продюсер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Валерий Меладзе Астанадағы жеке концертінде елорда мен оның тұрғындары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол ел астанасы оған естен кетпес әсер сыйлағанын атап өтті.
«Астананың құрылысы алғаш басталған кезде, тіпті енді жоспарланған уақытта да осында болдық. Сондай-ақ, біз Астана ел астанасы болған шақты да өз көзімізбен көрдік, ал енді сұлулығына күнде тамсанып жүрміз. Мұнда келген сайын қаланың өсу қарқынына еріксіз таң қаламыз. Бұл қарапайым ғана заманауи қала емес. Бұл – болашақтың қаласы! Біз көптеген қалада болдық, әлбетте ең бастысы – жергілікті тұрғындары екені сөзсіз», – деп Меладзе сахнада тұрып ойын білдірді.
Валерий Меладзе елорданың нәзікжанды тұрғындарына ерекше назар аударды.
«Біз ер адамдар әдетте әйел затына, осы әдемі қаланың сәнін арттыратын қыздарға ерекше көңіл бөлеміз. Ендігі орындайтын әнімізді нәзік жаратылыс иелеріне, залда отырған бикештерге және Астананың сұлуларына арнаймыз», – деп әнші «Как ты красива сегодня» әнін орындады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?