20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАтырау облысының әкімдігі апат болған Мақат стансасындағы қозғалыс қалыпқа келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құлсары-Алтынкөл теміржол учаскесіндегі (Мақат ауданы) апатқа байланысты оқиға орнына «Қазақстан теміржолы» АҚ-дан 40 адам, 3 техника, 1 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы, Мақат аудандық азаматтық қорғау қызметі мен төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің, полиция бөлімі мен көлік прокуратурасының мамандары жіберілген.
Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы зертханасының мамандары апат болған учаскеде радиациялық фонға тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ешқандай ауытқу анықталмады. Апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеді, - делінген мәліметте.
Қазір оқиға орнында Атырау облыстық экология департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Жүк тасымалдаушыға заң бұзушылықтарды жою, төгілген күкіртті жинап алу туралы нұсқау берілген.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?