29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыРесейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясының сапын толықтырған қазақстандық Марғұлан Бекенов ҚР Қарулы күштерінде қызмет етуге жарамсыз деп танылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров айтты.
Ол (ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған қазақстандық) Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге жарамсыз болып танылған. Негізгі ақпаратқа келсек, онымен айналысатын өзге органдар бар, құқықтық бағаны солар береді, - деді Әбубәкіров.
Бұған дейін ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров Ресей мен Украина әскерінің қатарына қосылғысы келетін қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын. Ведомство қызметкері ол үшін 5 жылдан 9 жылға дейін жаза қарастырылғанын да еске салды.
Ал Бекеновтің өзі бұл шешімді өз еркімен қабылдағанын, оны ешкім мәжбүрлемегенін айтты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек