Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСирек кездесетін көліктер мен суперкарлардың дәлме-дәл кішірейтілген көшірмелерін жасау арқылы танылған Amalgam ательесі өз топтамасын жаңа туындымен толықтырды. Бұл жолы олар Aston Martin Valkyrie суперкарын 1:8 масштабында жасап шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлыбританияда мұндай коллекциялық үлгінің бағасы 14 740 фунттан (шамамен 10 млн 900 мың теңге) басталады. Дәл осы Британияда кәдімгі көліктердің өзін осы бағаға сатып алуға болады.
Фото: amalgamcollection.com
Aston Martin Valkyrie-дің кішірейтілген түрі түпнұсқа автокөліктің ресми сызбалары негізінде әзірленіп, Aston Martin дизайнерлерінің қатысуымен жасалған. Айрықша атап өтерлігі – дайын үлгіге компанияның өзі толықтай мақұлдау берген. Модельді жобалауға шамамен 3 мың сағат жұмсалған, ал әрбір данасын қолмен құрастыруға тағы 300 сағаттай уақыт кеткен.
Фото: amalgamcollection.com
Amalgam бар-жоғы 199 дана Valkyrie үлгісін шығарады. Олар купе және родстер түрінде болады. Суперкардың өзі де небәрі 275 данамен шектелген еді. Базалық нұсқа зауыттағы фирмалық Podium Green түсіне боялып, салон іші қара түсті болып жасалады. Дегенмен тапсырыс берушінің қалауымен 20 640 фунтқа көлікті толығымен жеке талғамға сай әрлеуге мүмкіндік бар: оған кузов бояуынан бастап, интерьер безендірілуіне дейін кіреді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді