Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған түлектерге әскери атақ беру тәртібі өзгереді. Енді оқуын үздік аяқтаған курсанттар бірден «аға лейтенант» әскери атағын алып, болашақ қызмет орнын өз қалауынша таңдау мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы жаңа заңнамалық өзгерістерде айтылды.
19 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Аталған құжат аясында әскери қызмет саласына да бірқатар өзгеріс енгізілмек.
Үздік түлектерге жаңа мүмкіндік
Жаңа түзетулер «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына енгізіліп отыр. Өзгерістер әскери және арнаулы жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге қатысты болады.
Енді Қазақстандағы және шетелдегі әскери оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқып, оқуын үздік аяқтаған курсанттарға «лейтенант» емес, бірден «аға лейтенант» әскери атағы беріледі.
Мұндай мүмкіндік әскери саладағы дарынды әрі үздік жастарды ынталандыруға бағытталған. Сонымен қатар бұл шешім әскери білім сапасын арттыруға және курсанттардың оқу үлгеріміне деген қызығушылығын күшейтуге ықпал етеді деп күтілуде.
Заңдағы маңызды жаңашылдықтың бірі – үздік түлектерге қызмет орнын өз қалауынша таңдау құқығының берілуі. Бұған дейін жас офицерлер қызметке орталықтандырылған тәртіппен жіберілетін. Енді жоғары нәтиже көрсеткен курсанттар өз мамандығына және жеке жоспарына сәйкес әскери бөлімді таңдай алады.
Мамандар пікірінше, бұл өзгеріс әскери қызметтің беделін арттырып, жастар арасында офицерлік мамандыққа қызығушылықты күшейтуі мүмкін.
Президент жарлығына өзгерістер енгізіледі
Аталған нормаларды заңнамалық тұрғыда толық бекіту үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Президенттің 2006 жылғы №124 Жарлығына да өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Дайындалған жарлық жобасы үздік түлектерге «аға лейтенант» атағын беру тәртібін ресми түрде бекітеді. Бұл заңнамалық өзгерістер әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін күшейтіп, әскери білім беру жүйесіне жаңа серпін беруі мүмкін.
Кейінгі жылдары Қазақстанда әскери саланы жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Қорғаныс саласындағы реформалар офицерлердің кәсіби деңгейін көтеруге, әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған.
Жаңа бастама әсіресе әскери жоғары оқу орындарында білім алып жатқан курсанттар үшін маңызды мотивация болмақ. Өйткені енді үздік оқу тек дипломмен ғана емес, жоғары әскери атақ пен қосымша мүмкіндіктермен де бағаланатын болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?