Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқмолада қылмыстық топ мүшелері 55 автокөлікті заңсыз есепке тіркеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облыстық департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді. Бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрондық өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырғаны анықталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады