7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?АҚШ-тағы Техас университетінің Остин кампусында жүргізілген жаңа зерттеу ұйқының сапасын жақсартудың тиімді әрі қарапайым әдісін көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Journal of Physical Activity and Health журналында жарияланған ғылыми еңбекке сәйкес, күнделікті дене белсенділігі терең ұйқы фазасын арттырып, ағзаның жақсырақ қалпына келуіне ықпал етеді.
Ғалымдар бірнеше ай бойы студенттердің физикалық белсенділігі мен ұйқы режимін арнайы құрылғылар арқылы бақылаған. Нәтижесінде олар бір қызықты тұжырымға келді: қозғалыстың жиілігі оның көлемінен әлдеқайда маңыздырақ.
Күніне небәрі 10 минутқа созылатын орташа немесе жоғары деңгейдегі дене белсенділігімен айналысқандар терең ұйқы фазасына көбірек енген, бұл өз кезегінде таңертең сергек оянуға және көңіл күйдің тұрақты болуына себеп болған. Тіпті жеңіл серуен немесе қысқа дене жаттығулары да түнгі тынығуды жақсартып, келесі күнге жақсы әсер еткен.
Зерттеу авторлары апталық норманы бір-екі күнде орындауға тырысқаннан гөрі, күнделікті белсенді өмір салтын ұстану әлдеқайда пайдалы екенін айтады. Олар бұл нәтижелерді болашақта физикалық белсенділік бойынша ұсыныстарды жаңарту кезінде ескеру қажет деп санайды.
Ұйқыны жақсарту үшін марафон жүгіріп қажет емес. Күн сайынғы қысқа қозғалыстардың өзі ұйқы сапасын арттырып қана қоймай, миды күшейтіп, созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі, - дейді зерттеу тобы.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар күндізгі ұйқының да пайдасын дәлелдеген болатын. Қысқа уақыт көз ілудің өзі күрделі мәселені креативті жолмен шешу мүмкіндігін арттыратыны анықталған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?