29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕлордада 23 қараша үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға 7 жасар қыз түскені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасы мәлімдеді.
Баланың денесінде соққы іздерін тапқан мұғалімдер дереу кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға жүгініп, факті тіркеуге алынған. Кішкентай бүлдіршін ауруханада қалуға ниет білдірді. Бүгінде оған психологиялық көмек көрсетілуде.
Айта кетейік, аталған оқиға балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аса бақылауына алынды. Мемлекеттік органдармен бірлесіп жағдайдың егжей-тегжейі, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайы мен микроклиматы зерделенеді.
Осы сынды фактілер біздің қоғамдық ұстанымымыздың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салады. Егер сіз балаларға қатысты қатыгездіктің куәсі болсаңыз, тәуліктің кез келген уақытында «111» нөмірі бойынша немесе «Бала қорғау» чатына хабарласа аласыз. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі біздің қолымызда екенін есте ұстаған жөн!
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек