29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСинтетикалық есірткі сақтаған қызылордалық үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылордада 28 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау аяқталды. Полицияның мәліметінше, ер адамнан өте үлкен мөлшерде синтетикалық есірткі табылған. Сотталушының айтуынша, мамыр айында көпқабатты үйлердің жанындағы ағаштардың арасынан өтіп бара жатып, бір дана қызыл жабысқақ таспаға оралған ұнтақ зат салынған пакетті тауып алған. Одан кейін ол сондай пакеттерді тағы да тапқысы келгендіктен, іздеуді жалғастырып, жақын жерді қазып, үш бума тауып, заңсыз иемденген.
Табылған синтетикалық есірткі заттардың жалпы салмағы 2,14 грамды құраған. Полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Қызылорда қаласының №2 соты сотталушыны ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, орташа қауіпсіздік деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді тағайындады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек