30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҮстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері Орталық Азия барысын зерттеу және қорғау жөніндегі Халықаралық жоба аясында орнатылған фототұзақтардағы мәліметтерді тексеріп шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Табиғи қорық мәліметінше, бұл жоба National Geographic гранттары мен Segré қорының қолдауымен, сондай-ақ Conservation X Labs, BRCC және АСБК ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырылады. 2024 жылдың 29 қазаны мен 21 желтоқсан аралығында фототұзақтарға барыс төрт рет түсіп, қорық аумағына қайта оралғаны анықталған.
Бұл мәліметтер Үстірт қорығының осы ерекше және жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы ретінде маңызды рөл атқаратынын тағы да дәлелдейді.
Орталық Азия барысының қайта оралуы – бұл Үстірт экожүйесінің қалпына келуінің символы әрі біз жүргізген бірлескен күш-жігердің нәтижесі. Бұл жетістік бізді сирек аңды зерттеу және қорғау жұмыстарын жалғастыруға ынталандырады,– дейді қорық қызметкерлері.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды