29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары17-19 мамыр аралығында Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді. Турнир барысында Олимпиада квотасы сарапқа салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Олимпиада жолдамасына Қазақстан сапынан Кирилл Герасименко, Алан Кұрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова сынға түседі.
Қазіргі таңда оқу-жаттығу жиынын аяқтаған спортшылар Ташкентке ұшып кетті.
Біздің алдымызда төртжылдық додасына жолдама беретін жарысқа бабымызда барып, ерлер мен әйелдер арасында бір-бірден, жалпы есебі екі жолдама алу міндеті тұр.
Қазіргі таңда спортшыларымыз жақсы дайындық өткізді. Қаңтар айынан бері жоспарланған турнирлердің бәріне қатыстық. Жаттығу жиынында жекелеген қателіктермен жұмыс істеп, әрбір теннисшінің ойын мәнерін жетілдіруге тырыстық.
Ташкентте Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан және Қазақстан спортшылары олимпиадалық квотаны өзара сарапқа салады. Біз Өзбекстан астанасына жолдама алу үшін барамыз, - деді бас бапкер Эльмира Әлиева.
Айта кетелік, іріктеу сынында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана квотаға иелік етеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек