20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКөктемгі су тасқыны басталғаннан бері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштары зардап шеккен өңірлердің тұрғындарын эвакуациялауға, мамандар мен жүктерді тасымалдауға жұмылдырылды. Бүгін ұшқыштар Птеропавл мен Орал қалаларына гуманитарлық гума жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік авиациясының бортымен Алматыдан Оралға салмағы бес тонна гуманитарлық жүк жеткізілді. Ал Петропавлға елордадан екі С-295 ұшағы ұшып жетті, олар су апатынан зардап шеккен тұрғындарға он тонна азық-түлік, қажетті заттар мен дәрі-дәрмектерді тасымалдады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өткен демалыс күндері Астана қаласынан Атырау облысына Әуе қорғанысы күштерінің С-295 екі бортымен елорданың кәсіпкерлері атынан он тонна гуманитарлық көмек әкелінді.
Айта кетсек, 27 наурыз бен 15 сәуір аралығында әскери ұшқыштар 2 951 жергілікті тұрғынды, оның ішінде 811 баланы эвакуациялады. Су тасқынына қарсы шараларға жұмылған қызметтердің 998 өкілін және 165 тоннадан астам жүкті жеткізді.
Қарулы күштердің әскери қызметшілері су тасқыны салдарын жоюға және апаттан құтқару жұмыстарына қатысуды жалғастыруда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?