Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе облысында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылының арқасында Ойыл ауданы Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметіше, эвакуациялық іс-шаралар кезінде Ми-8 тікұшағының экипажы Берсиев ауылының шетіндегі қиын жағдай туралы рация бойынша хабарлама алған.
Тасқынның кесірінен елдімекеннен кету мүмкіндігінен айырылған тұрғындар бұл кезде үлкен жылдамдықпен келген суға батып кеткен шаруашылық құрылыстың төбесінде болатын.
Экипаж жедел түрде әуеге көтеріліп, зардап шеккендер тұрған жерге жетті. Тікұшақ құрылыстың төбесінен бір метр қашықтықта көмек күткен адамдарды қабылдап, Ақтөбе қаласының әуежайына эвакуациялады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер