29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыӘуе кемесінің апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын анықтап, ұстады. Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілді.
Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы мас тұрғыны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол «орташа дәрежелі» мас күйде болған. Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды, - делінген мәліметте.
Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданатын болады. Аталған бап бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу түрінде жазалануы мүмкін.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек