Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министр рейстердің кешігуі қалыпты әдетке айналып бара жатқанын және оған қолайсыз ауа-райы ғана себепші емес екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әуекомпаниялар жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуе паркін кеңейтуі қажеттігін айтты.
Осыған байланысты өнеркәсіп және қаржы министрліктері әуежайлар аумағында мультимодальды көлікті пайдалану мүмкіндігін беру мәселесін пысықтауы қажет, деді ол.
Сонымен қатар, транзиттік жүктерді рәсімдеуді жеңілдетіп, тиісті технологиялық процестерді оңтайландыру керек дейді Үкімет басшысы.
Көлік және энергетика министрліктері «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазмұнайгаз» компаниясы қажетті авиаотын көлемімен қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс. Оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды құру керек. Ғылым және жоғары білім, көлік министрліктері азаматтық авиация саласында мамандар даярлау үшін қосымша гранттар бөлуді қамтамасыз етуі қажет, - деді Үкімет басшысы.
Алдағы уақытта қажетті кадрлардың болжамын жасап, шетелде біліктілікті арттыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді