7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Turkish Airlines әуе компаниясының Қазан қаласынан Анталияға ұшып шыққан TK 3995 рейсінің бортындағы жасөспірім қыздың жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туристері бортта болған туристік агенттіктің мәліметінше, 17 жастағы ресейлік жасөспірім қыздың кенеттен талмасы ұстап, жүрегі тоқтап қалған.
Аталған рейспен ұшқан екі дәрігер қыздың жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алғызғанымен, өкінішке қарай, оны құтқарып қала алмаған. Осы оқиғаға орай әуе компаниясының ұшағы бағытын шұғыл өзгертіп, Оралға қонған.
Туристердің айтуынша, олар қажетті құжаттар толтырылғанша екі сағат күткен.
Боинг 737 ұшағы Оралдан сағат 16:30-да ұшып шығып, одан кейін 20:05-те жанармай құю үшін Трабзонға қонған. Жолаушылар ұшақ экипажының ауысуын 2,5 сағат күткен. Кесте бойынша ұшақ демалыс орнына 17:20-да қонуы тиіс болған, бірақ туристер 00:20-да жеткен.
Турагенттің айтуынша, кеш келгеніне қарамастан, клиенттерді әуежайдан қабылдаушы компанияның өкілдері қарсы алған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?