Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚытайда үш жасар бала 18-қабаттан құлағаннан кейін тірі қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады.
Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, оқиға болған сәтте бала әжесі мен атасының қарауында болған. Үйдегілер немересі ұйықтап жатыр деп ойлап, азық-түлік алу үшін пәтерден шығып кетеді. Осы аралықта оянған бала дәретханаға барып, унитазға шығып, қорғалмаған терезеден құлап кеткен.
Бала 18-қабаттан құлағанымен, 17-қабаттағы ашық тұрған терезе оның құлау бағытын өзгертіп, нәтижесінде ол төмендегі ағаштың үстіне құлаған.
Егер сол ағаш болмағанда, балам бетонға түсетін еді, — деді баланың әкесі.
Бүлдіршін тіпті есінен танбаған. Дәрігерлер оның қол сүйегі сынғанын, омыртқасында созылу барын, сондай-ақ ішкі ағзаларына зақым келгенін анықтаған. Дегенмен, басының жарақат алмағаны — үлкен жетістік.
Баланы ажалдан аман алып қалған ағашқа алғысын білдіру мақсатында баланың әкесі қытай мәдениетінде құрмет пен мерекенің белгісі саналатын дәстүрлі қызыл гүл байлады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер