Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алқа отырысында алдағы бес жылда барлық университет халықаралық деңгейде білім беру керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар ол 2030 жылға дейінгі студенттер санының өсетінін және оған мемлекеттік бюджеттің жеткіліксіз екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрліктің жарты жылдық қызметінде 3 университет Times Higher Education рейтингіне енді. Саясат Нұрбектің айтуынша, ендігі уақытта отандық профессорларымыз өздерінің курстарын шетелдік оқу орындарында ақылы өткізуге мүмкіндік беретін келісімшарт қарастырылып жатқанын атап өтті.
«Демографияның жедел өсімі жоғары білім саласының дамуына едәуір әсер етуде. Соңғы үш жылда тарихи рекорд жасалып, миллионға жуық бала дүниеге келді. 1991 жылы мемлекетте 288 мың студентті қамтитын 61 ЖОО болса, 2025 жылға қарай 800 мыңнан астам білім алушыға жетеді деген болжам бар. Ал 2030 жылы студенттер саны миллионға жуықтайды», - деді Саясат Нұрбек жиында.
Бұл мәселенің алдын алу мақсатында министрлік бірқатар жобаны іске қосқан. 8 университеттің негізінде қолданбалы бакалавриат іске қосылды.
Былтыр мемлекеттік тапсырыстың көлемі 10%-ға артты. Жатақхана тапшылығының көрсеткішін 87 мыңнан төрт айдың ішінде 75 мыңға дейін түсірілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?