29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясын өзара жеткізуді талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25-26 тамызда Астанада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық және су шаруашылығы ведомстволары өкілдерінің су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналған кездесуі болды.
Кездесу барысында алдағы күзгі-қысқы маусымда электр энергиясын жеткізу, сондай-ақ басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу барысында бірқатар өзара келісімдерге қол жеткізіліп, жеткізу көлемі мен шарттары анықталды.
Сондай-ақ, тараптар электр энергиясын сағаттық есепке алуды жүргізу тетігін енгізу мүмкіндігін пысықтауға; шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы жоспардан тыс ағындарды реттеуге шарттар жасасуға; жоспардан тыс ағындарды реттеуге арналған шарттардың қолданыстағы талаптарын қайта қарауға келісті.
Қатысушылар бұрын қабылданған міндеттемелерді орындауға бейілділігін растады. Су және энергетика ведомстволары өкілдерінің келесі кездесуі 2023 жылдың қарашасында Бішкекте өтеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек