Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген 18 жастағы ресейлік Тимофей Дерепаскомен шеберлік байқасты.
Дерепаско – жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап үлгерген теннисші, ол ATP рейтингінде 925-орында тұр.
Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Заңғар брейк жасады. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:2.
Екінші сетті З.Нұрланұлы брейкпен бастағанымен, оны жалғастыра алмады – 1:1. Дегенмен есеп 3:3 болғанда, тағы брейк жасап, өз геймін алды – 5:3. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.
Заңғар Нұрланұлы финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 1-ракеткасы, болгариялық Иван Ивановпен ойнайды. Нұрланұлы жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан осындай табысқа алғаш рет жетіп отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?