Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, 18 жастағы Польша өкілі Алан Важнымен кездесті.
Алан Важны сонымен қатар ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр.
Соған қарамастан, Заңғар азулы қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Тартысты бәсеке бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.
Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін ересектер арасында бес қазақстандық US Open-дегі жарыс жолын аяқтады: Александр Бублик, Елена Рыбакина, Александр Шевченко, Юлия Путинцева және Анна Данилина.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?