29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитариялық авиация борты Абай облысының Үржар ауданындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы жеткізу үшін Астана қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пациенттерді Астана қаласындағы №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданған. Бортта балаларға медициналық көмек көрсету үшін ҰШМҮО реаниматологы Е. Шақан, Астана қаласының №2 Көп бейінді қалалық балалар ауруханасының травматологы Н. Жакипов және Ұлттық нейрохирургия орталығының (ҰНХО) нейрохирургы С. Сейтбеков дәрігерлер бригадасы құрамы қалыптастырылды.
Оқиға орнында бірден аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құрылған мультитәртіптік бригада толық диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайына бағалады және жедел емдеу жоспарын жасады.
Бала жағдайының тұрақсыздығы ескеріле отырып, пациенттердің бірі – тоғыз жасар қыз бала Абай облысының бас штаттан тыс анестезиолог-реаниматологы Д. Каримовтың бақылауымен жағдайы тұрақталғанға дейін стационарда қалдырылды.
Айта кетсек, Абай облысындағы Бестерек ауылында 55 жастағы Toyota жүргізушісі көлікті басқара алмай, үй қақпасының жанында, жолдан он метр қашықтықта тұрған балалар тобына соғылған болатын. Қайғылы оқиға салдарынан үш бала қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген еді. Кейінірек көз жұмған балалар туыстарының үйіне қонаққа келгені белгілі болды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек