Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқмола облысында үш ұры кәсіпорын бухгалтерінің кабинетінен ауыр сейфті ұрлап кеткен. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасыа түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады.
Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенген екен. Алайда кәсіпкердің айтуынша, бұл күні мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілген, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақша болған.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады