29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Ақылы оқудың бағасы – өте маңызды, көп адамдардың көкейінде жүрген мәселе. Бірнеше жоғары оқу орны, соның ішінде батыс өңірлерінің оқу ордалары бағаны көтерді. Біріншіден, бағаны қымбаттатқандар – жекеменшік жоғары оқу орындары. Екіншіден, бірнеше жыл бұрын оқу ақысын көтеруге мораторий жарияланған. Сол мораторийдың аяқталуын күтіп-күтіп, көтере бастады. Бірақ биыл біз бұл мәселені түсініп отырмыз. Қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдай қиын. Геосаяси мәселелер, бағаның қымбаттауы бар. Сондықтан мемлекеттік, ұлттық жоғары оқу орындарында төлемақы көтерілмейді, - деді ведомство басшысы.
Министрлік баға жайын үнемі бақылауда ұстаймыз деп отыр.
Оны біздің министрлік бақылауда ұстайтынын нақты айта алам. Бірнеше жекеменшік университеттер оқу ақысын қымбаттатты. Бірақ мемлекеттік ұлттық университеттерде биыл бағаны көтермейміз. Былтырғы деңгеймен қалады, - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек