Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты Ерлан Саиров еліміздегі заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселесіне ерекше назар аударып, бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мәжілісменнің сөзінше, қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бір топ оқытушы-ғалымдары депутаттарға университеттен заңсыз шыққан активтерді оқу орнына қайтару туралы өтініш жасаған екен.
Университет ұжымы басқа меншік иелеріне заңсыз өткен активтер тізімімен таныстырды. 2001-2022 жылдары 3 студенттік жатақхана, 5 оқу-зертханалық корпус пен әкімшілік-шаруашылық ғимараттар және өзге де жылжымайтын мүлік объектілері, университет ғимараттарына іргелес жер учаскелері, Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан университеттің оқу-тәжірибелік шаруашылығындағы жер учаскелері қолды болып кеткен, – дейді депутат.
Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда университет мүлкінің «ту-талақайын шығарған». Бұл ғимараттарды иеленген заңды тұлғалар оқу корпустарының аумағында тұрғын үй кешендерін салып, студенттердің, оқытушылардың мазасын алып, жатақханаларды қонақ үй етіп қайта жабдықтаған, караоке, басқа да ойын сауық орындарын жасап жын-ойнаққа айналдырыпты.
Сізден заңсыз қолды болған активтерді қайтару комиссиясы аясында аталған ғимараттардың мемлекет меншігіне қайтарылуын жедел қамтамасыз етуге, 2001-2022 жылдары осындай заңды белшесінен басып, барып тұрған бассыздыққа барған шенеуіктердің заң алдында жауапкершілігін анықтауыңызды сұраймыз. Еліміздегі басқа да жоғарғы оқу орындарының меншікті заңсыз беру мәселесіне аудит жүргізуге тиіс деп санаймыз, – дейді депутат Ерлан Саиров.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?