20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Астана уақытымен 22:05 сағатта тікелей эфирде Қазақстан мен Жапон хоккейшілерінің қола медальге жартылай финалынан Qazsport телеарнасы америкадан трансляция береді. Бұл ойынның мәнісі зор. Осы Универсиада өзге Ұлттық командалардан медаль есебінде оқ бойы озып шығып, алға кеткен Жапон құрамасымен Қазақстан хоккейшілері үшініші орын үшін бақ сынайды. Күншығыстағы Жапон еле осы ойынды тағатсыздана күтуде. Оның да себебі бар. Жапондар самурайлар елі. Жеке батырлар мекені. Командалық ойында ұту жапондар үшін ұлттық ұғымда жаңа белеске көтерілу.
Біздің Қазақстан құрамасы үшін де бұл ерекше сын. Қазақ спортшылары да әлемдік додаларда тек жеке сындарда жеңімпаз балык жүр. Бүгінгі сынақтан жігіттеріміз сүрінбей өтсе, қазақ спортшылары да қомандалық ойында жеңімпаз бола алады деген сенім қалыптасады. Бәріміз Qazsport телеарнасын қарап, Ұлттық құрамамызға тілеулес болайық.
Тағы бір айта кетер жәйт, Бұл Универсиада қоғамымызда игі өзгеістер бел алғанын байқатты. Қазірдің өзінде Қазақстан командасы 9 медальмен алғашқы ондықта тұр. Үш алтынды қанжығамызға байладық. Күміс пен қола медальде командалық ойын түрінен жетістікке қол жеткіздік. Атап өтерлігі медальге ие болғандар қатарында өз іні-қарындастарымыз бар. Бұл қазақтар күрес пен боксте ғана мықты деген ескі сүрлеу сарынға толықтай жаңалық жасаған алғашқы ұмтылыс. Алынған асу. Әрі қазақтар қысқы спорт түрінен үміттенбей ақ қойсын деген сынаржақ ережелерді жаңғырды.
Универсиада дегеніміз студент жастардың олимпиадасы. Ендеше алдағы Қысқы Олимпиада ойындарында қазақ жастары талай тұғырлы биікке көтеріледі деген сенім осы Универсиада қортындысына сай қалыптасып отыр. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?