Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекFISU-дің ХХХІ Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Қазақстан атынан 11 спорт түрінен 93 спортшы қатысады (садақ ату; оқ ату; жеңіл атлетика; спорттық гимнастика; дзюдо; көркем гимнастика; үстел теннисі; таеквондо; у-шу; жүзу; семсерлесу). Ел құрамасы еліміздің 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған.
28 шілдеде Универсиаданың ашылу салтанаты өтеді, ал 27 шілдеде қазақстандықтар садақ атудан алғашқы жарыстарда өнер көрсетеді.
Жарыс 8 тамызға дейін жалғасады, онда 18 спорт түрінен 269 медаль жиынтығы ойналады. Әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңнан астам спортшы марапаттар үшін күреседі.
Универсиада жарыстары «Армандар Чэндуде шындыққа айналады» ұранымен өтеді. Универсиаданың бойтұмары 2019 жылдың 30 желтоқсанында таныстырылған «Ronq Bao» пандасы болды.
Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде сағат 20:00-де (Чэнду қаласының уақыты бойынша) спорт қалашығында мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?