Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыИталияда XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиададағы хоккей турнирі алдын ала ойындармен басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 қаңтар күні еліміздің студенттер құрамасы алғашқы кездесуін өткізіп, Швецияны тас-талқан етіп ұтты – 9:2.
Матч біздің хоккейшілер үшін аса сәтті басталған жоқ. Кездесудің басында шведтер екі шайба соқты: Фолке Калл Линдфорс пен Джонатан Мейер.
Алайда алғашқы кезең аяқталар тұста құрамамыз 21 секунд ішінде екі голмен ерекшеленді. Андрей Буяльский мен Николай Шульга мергендік танытты. Осыдан соң біздің жігіттерді тоқтату мүмкін болмады. Маусымды «Барыс» сапында бастаған Андрей Буяльский 8 ұпай еншілесе, Николай Шульга («Барыс») мен Данил Цыбин («Номад») дубль авторлары атанды. Одан қалды Максим Мусоров («Торпедо»), Әділ Бейсембаев («Снежные Барсы») және Денис Чапоров («Арлан») көзге түсті.
Швеция – Қазақстан – 2:9 (2:2, 0:3, 0:4)
1:0 – 05:37 – Мейер (Свенсон) ГБ
2:0 – 12:11 – Линдфорс (Бекселиус, Ядлунг)
2:1 – 19:19 – Буяльский (Оразов, Мусоров)
2:2 – 19:40 – Шульга (Буяльский)
2:3 – 28:21 – Шульга (Буяльский)
2:4 – 31:48 – Цыбин (Тютюньков, Сүлейменов)
2:5 – 36:53 – Цыбин (Тютюньков, Гусейнов)
2:6 – 48:18 – Мусоров (Буяльский)
2:7 – 51:03 – Бейсембаев (Буяльский)
2:8 – 57:43 – Чапоров (Буяльский, Демин)
2:9 – 59:35 – Буяльский (Мусоров)
Қақпашылар: Коллин - Әмірбеков
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары