Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОрташа айлық жалақы 471 300 теңгеге дейін өсті, бұл орташа республикалық деңгейден 1,3 есе жоғары, республика бойынша 3-орын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиев айтты. Сондай-ақ оның сөзінше, тұрғын үй салу бойынша өсім байқалады.
Өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру 54%-ға, негізгі капиталға инвестициялар 22%-ға, көлік пен сауданың тиісінше 4%-ға өсуі байқалады. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша бізде негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика күтілуде. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің негізгі құралдарының бірі өңірдің қаржылық өзін-өзі қамтамасыз етуі. Бүгінгі таңда облыстық бюджет 144,5 млрд теңгені құрайды. Салық базасын кеңейту және республикалық бюджеттен трансферттерді тарту арқылы көрсеткіштер бастапқы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 28%- ға өсті. Бұл ретте жыл басынан бері өз кірістеріміз 36 млрд теңгеден 46,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды, - деді Ұлытау әкімі
Айта кетейік, мемлекеттік бюджет жоспары 201,1 млрд теңге, факті 195,7 млрд теңге (орындалмауы 2,7%), оның ішінде: РБ жоспары 132,4 млрд теңге, факті 121,4 млрд теңге, ЖБ жоспары 68,7 млрд теңге, факті 74,3 млрд теңге (асыра орындалуы 8%-ға). Осылайша, өңірдің барлық салық түсімдерінің 63%-ы республикалық бюджетке түседі.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек