6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлытау облысында ЖЭО-ның 58%-ы тозған. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы проблеманың әсерінен жаңа тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға, өнеркәсіп пен шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік болмай отыр
Жылумен жабдықтау мәселесі баса назар аударуды қажет етеді. Бүгінгі таңда облыс орталығында жылу энергиясының тапшылығы 120 Гкал/сағ құрайды. Қолданыстағы ЖЭО-ның және жылу желілерінің тозуы 58%- ды құрайды. Бас жоспар аясында қала кеңейіп, болашақта бұл жылу энергиясының одан да үлкен тапшылығына әкеледі. Осыған байланысты, біз бірінші кезекте ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде облыс орталығында жаңа – 2-ші ЖЭО құрылысына қажеттілік бар. Ол үшін ТЭН әзірлеу мәселесі. қарастырылып жатыр. Жылумен жабдықтау сапасын жақсарту мәселелері кезең-кезеңімен шешіліп жатыр, - деді әкім.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыс тұрғындарын 20 миллионыншы тұрғынның өмірге келуімен құттықтағанын жазған едік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі