20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПрезиденттің тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрамына өңірлік инспекторлар, Премьер-министрдің кеңесшілері Ермек Маржықпаев пен Ералы Тоғжанов енген үкіметтік жұмыс топтары коммуналдық нысандардың жай-күйімен және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Ұлытау облысында Ермек Маржықпаев Жезқазған қаласының ЖЭО мен Сәтбаев қаласының жылу стансасындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ қалалық магистральдық жылу желілерінің құрылысы мен реконструкциясын тексерді. Бүгінгі таңда өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары 66%-ға, электр желілерін жөндеу жұмыстары 74%-ға орындалған.
Ақтөбе облысында Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласының ЖЭО, «Батыс-2» және «Ақтөбе-сити» қазандықтарының, сондай-ақ «Aqtobe su-energy group» АҚ жүктемелеріне дайындығын тексерді. Инвестициялық бағдарламалар аясында кәсіпорындарда негізгі жабдықтар мен желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың қыс мезгіліне жалпы дайындығы 85%-ды құрайды.
Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында тұр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?