6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлытау облысындағы «Өркен» ЖШС кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақпараттың хабарлауынша, қазіргі уақытта арнайы комиссия 39 жастағы ұңғымашының мерт болу себебін анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, кенші тау жыныстары үйіндісінің астында қалып қойған.
«Өркен» ЖШС кенішінде жазатайым оқиға болғанын қатты өкінішпен хабарлаймыз. 1984 жылы туған ұңғымашы қаза тапты. Арнайы комиссия құрылды, іс тергеліп жатыр», - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметінен.
Кәсіпорын басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтты.
Қаза тапқан қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдау ұжымдық келісімшартқа сәйкес көрсетілетін болады, - деп жазды компания өкілдері.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі