Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыҰлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары Агенттіктің аумақтық Департамент қызметкерлерінің араласуынан кейін газбен жабдықтауға қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылында ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосылу мүмкіндігі болмаған, ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы азаматтардан 70-тен 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы сұраған.
Олар бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен.
2023 жылғы қыркүйекте ҚМА департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта аталған елді мекендерді газдандыру мәселесі шешілді, тұрғындардың үйлеріне көк отын жеткізілді.
Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. https://t.me/afm_insider_bot. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?