Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлытау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғам мен жергілікті атқарушы органдар, «ҚазАвтоЖол» ҰК және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК өкілдерінен құралған мониторингтік топпен бірлесіп 9 учаскедегі автожолдарды салу және реконструкциялау сапасын бақылауды жүзеге асырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, биылғы маусым айында «Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан, Домбауыл кесенесі», «Қаражал-Атасу» және А-16 «Жезқазған - Петропавл» (143-163 км) жол учаскелерінде мониторингтік топ жарықтар, шөгінділер, шұңқырлар, қабыршақтану және т. б. сияқты түрлі ақауларды анықтады.
Жол жамылғысының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар шеңберінде аталған кемшіліктер жойылды. Сонымен қатар биылғы шілде айында «Жезқазған-Петропавл» А-16 автожолы учаскесін қорытынды бақылау барысында 151 және 155 километрде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатының тегіс еместігі анықталды, - делінген мәліметте.
Жол учаскесін мердігерлік ұйымы түзететін болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді