Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҰлытау облысының тұрғыны полицияға 98 жылдық тарихы бар тапаншаны тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 32 жастағы тұрғыны Ерсін Тәжмағанбетов жертөледе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жерге көмілген тапаншаға ұқсас затты тауып алған. Аудан тұрғыны дереу полицияға хабарласып, табылған затты өткізген.
Облыстық Полиция департаментінің жедел-криминалистерінің сарапшылары жүргізген зерттеу барысында бұл қарудың бір ғасырға жуық тарихы бар екені анықталды.
Намбу 14 тапаншасы - 1925 жылы Намбудың 4 тип тапаншасының дизайны негізінде жасалған жапон тапаншасы. Намбу тапаншалары 1920-1940 жылдардағы жапон императорлық армиясының негізгі жеке қаруы болған, олар екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін шығарылды.
Полицейлер қаруды тапсырған азаматқа алғысын білдірді. Табылған тапанша тарихи жәдігер ретінде алдағы уақытта облыстық музейге тапсырылады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер