Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы Сириядан қайтып келіп, Ұлытау облысында тұрып жатқандар қоғамға қаншалықты бейімделіп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біреулердің ықпалына түсіп қалған отбасылар бар. Келіп жатқан әйелдері, балалары бар. Көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Өткенде Елдос, Жұмаділдә деген ұстаздар келді. Сол секілді мықты ұстаздар келіп, ағарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ахуал тұрақты деп айтуға болады. Арнайы органдардың тергеу, бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарымыз бәрі де қазір ресми дін жолында деуге болады. Өз ұстанымында жүрсе де, қоғамның тәртібін қабылдап, ешқандай заңбұзушылық болып жатқан жоқ, – дейді Берік Әбдіғали.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы облыс тұрғындарын 20 миллионыншы тұрғынның өмірге келуімен құттықтағанын жазған едік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді