Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСтатистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің сөзінше, логистикалық шығындардың жоғары болуына және ірі агроқұрылымдарының жоқтығына байланысты еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең жоғары бағалар бізде. Облыс өзін тек үш өнім түріммен қамтамасыз етеді, қалған түрлері көршілес облыстардан әкелінеді. Осыған байланысты агроөнеркәсіптік кешен саласында 230-дан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 7 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген, - деді Берік Әбдіғалиұлы.
Облыс басшысының айтуынша, осы шаралар аясында Жаңаарқа ауданында мал сою цехы бар 10 мың бас малға арналған мал шаруашылығы кешені, Жезқазған қаласында құс етін өндіретін құс фабрикасы, Сәтбаев қаласында құс етін қайта өңдеу цехы ашылып, Жезқазған қаласындағы ұн тарту кешенін жаңғыртылады. Сондай-ақ кемінде 400 га алаңда картоп пен көкөніс өсіру, 100 га алқапта жем-шөптің ауыспалы егістерін құра отырып, құрғақшылыққа төзімді жемшөп дақылдарын өсіруді енгізу жоспарланып отыр.
Бұл жобаларды жүзеге асыру ішкі нарықты құс етімен, сүт өнімдерімен, картоппен және көкөніс өнімдерімен 30%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірдегі бағаны тұрақтандыру үшін өңірлік Тұрақтандыру қоры құрылып, 4,5 мың тоннадан астам өнім сатып алуға 1,6 млрд теңге бөлінді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3,4 млрд теңгеге жылдық 2,5 пайызбен 440 шағын несие берілсе, бүгінгі таңда 3,3 млрд теңгеге 415 өтініш қабылданған. Оның 1,3 млрд теңге болатын 162-сі мақұлданды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек