Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола облысы Ақкөл ауданында кәмелет жасына толмаған ұлын күрекпен ұрған әйелге сот үкімі шықты. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 3, 8-тармақтарымен (кәмелетке толмағанға қатысты денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) айып тағылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сотта анықталғандай, 2024 жылдың қыркүйегінде Ақмола тұрғыны бақшада жұмыс істеп жүрген кезінде 14 жасар ұлымен жанжалдасқан. Мас халдегі әйел баласын күрекпен ұрып, оның саусақтарына зақым келтірген. Жанжалдың себебі – анасы ұлының музыкалық колонкасын рұқсатсыз алған.
Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындады. Ол ұлының балағат сөздер айтқанын, сондықтан оны қорқыту үшін күрекпен сермегенін, бірақ байқаусызда ұлының қолына тигенін атап өткен.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің саусақ сүйегі жабық сынған. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді.
Сот үкімімен сотталушыға пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?