23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМаңғыстау облысы “Көкмойнақ” командасы жорықты жалғастырудан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
17 қыркүйекте “Ұлы дала жорығы” марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Қызылорда облысы Шиелі ауданында жалғасып жатыр. Таңғы сағат 7:00-ден 8 команда кезекті 100 шақырымды бағындыруға аттанған болатын. Маңғыстау облысы командасы аттарының шаршап қалуына байланысты старт сызығына келмей қалды.
Бұған дейін, 11-кезеңде Маңғыстау облысының команда капитаны жарыстан шығып қалып, “Көкмойнақта” 3 ат қалғанын хабарланған еді. 11-кезең бойы үздік болып келген маңғыстаулықтар тәуекелге бармай, аттарын зорықтырмай, келесі жылғы марафон-бәйгеге тыңғылықты дайындауды жөн санағанын жеткізді.
11 кезең нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысының “Көкмойнақ” командасы 18 команданы шаңына да ілестірмей келген. 1050 шақырымды артта қалдырып, финишқа 250-ақ шақырым қалғанда мұндай шешімге келуі - күтпеген жағдай болды. Аттары жорықты жалғастыруға жарап тұрса да, жорықты тоқтатуы - атақ-абырой, жеңіс пен жүлдеден аттарының амандығын алдыңғы орынға қоятынын сездірді.
Бүгінде экс-чемпиондардың орнын Қостанай облысының командасы басты. Енді Адай жылқысының абыройы 1300 шақырымды 1 атпен бағындыруды мақсат еткен “Рекорд” командасындағы маңғыстаулық шабандоздың мойнында.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады