Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікОқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова т.б. арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Электронды кітапханада ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Барлығы 1000-нан астам еңбек ұсынылған.
Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапхана білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.
Қазіргі таңда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады.
Электрондық кітапхананы https://rnpb.kz/ сайтынан көре аласыздар
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер