1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіІІМ-де Түркия мен Сирияға гуманитарлық жүктерді тасымалдауға қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ІІМ-нің апталық брифингінде Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Президенттің жарлығымен Ұландық ұшқыштар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында және Сирияның солтүстігінде екі мәрте үлкен жер сілкінісі болды. 448 000-нан астам адам эвакуацияланды. 20 000-нан астам ғимараттың қираған орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. 45-тен астам мемлекет жапа шеккендерге қол ұшын созды. Апаттың салдарын жою үшін қаржылық көмек көрсетілді, деді Шұғыла Тұрлыбек.
Еліміз де болған жағдайға бей-жай қарамай, апат аймағына құтқарушылар мен дәрігерлерді және авариялық-құтқару жабдықтарының 150-ге жуық түрлерін жіберген болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен осындай сын сағатта Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарына қатысып, гуманитарлық жүктерді тасымалдады. Ұшқыштар Сирияға 4 рейс, Түркияға 4 рейс жасады, деді ведомство өкілі.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?