20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери шеруге қатысқан Ұлттық ұланның есептік тобында соғыс ардагерлерінің ұрпақтары бар. Олар батырларымызға тағзым етіп, ерліктерін ұмытпайды. Жыл сайын Ұлттық ұланның әскери техникалары мен қару-жарақ түрлері заманға сай жаңаруда. Бүгінгі шеруде халық соның куәсі болды, — деп атап өтті парадтық есеп топты бастаушы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Абжанов.
Ұлттық ұланнан парадқа 400-ден астам әскери қызметші қатысты. Атап айтқанда, шеруде жедел мақсаттағы 5573 әскери бөлімінің сарбаздары мен «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлері екі бөлек колоннамен сап түзеді.
Мен – Жеңістің мұрагерімін. Өйткені, бұл күнді жақындатқан батырлардың арасында менің де атам болды. Сондықтан соғыс жылдарындағы атамның ерлігін мақтан етемін. Ал бүгін сол Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруде қаруластарыммен бірге сап түзеу бақыты бұйырды, — деді «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгер.
Сондай-ақ, құқықтық тәртіп әскерлерінің 30 өкілі Қазақстанның күш құрылымдары құрама оркестрімен бірге Жеңіс шеруін музыкамен сүйемелдеді.
Парад барысында Ұлттық ұланның заманауи бронды техникасының 13 бірлігі көрсетілді. Олардың қатарында «Барыс» 6 × 6, «Алан-2», сондай-ақ жауынгерлік қорғаныс деңгейі жоғары «Cobra II» броньды машиналары болды. Бұдан бөлек, қауіпті аймақтар арқылы 17 адамға дейінгі жеке құрамды тасымалдауға қабілетті «Урал ВВ» арнайы машинасы да ұсынылды.
Айта кетейік, парадқа ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының 4,5 мың әскери қызметшісі қатысты.
Шеруде алғаш рет Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары шығарылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?