7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ұлттық ұланның Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінің жауынгерлері қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қырағылық танытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға ағымдағы жылдың 3-ақпан күні орын алған. 6656 әскери бөлімінің патрульдік топ бастығы қатардағы Ералы Еламанов өзінің серіктестерімен бірге белгіленген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жауынгерлік қызметін атқарып жүреді. Кешкі сағат 21.30 шамасы кезінде, жедел басқару орталығынан 3- шағын ауданында орналасқан №112 үй маңында күдікті азаматтың белгісіз зат жасырып жатқаны туралы хабарлама түседі.
Ақпаратты естіген әскери топ бастығы өзінің серіктестерімен бірге оқиға орнына қарай дереу бет алады. Оқиға орнына келген сәтте берілген хабарламаға сәйкес адамды көріп әскери топ бастығы күдіктінің қасына жақындап келіп, өзін таныстырып сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді.
Тінту жұмысы барысында күдіктіден өзіндік өткір иісі бар, «марихуана» тәріздес шөп табылады. Ұландықтар оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырып, күдіктіні Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізеді. Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 296 бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізілуде.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?