20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің әскери жасақтар бойынша кезекшісі капитан Абай Жандар қызмет атқару барысында қырағылық пен жеделдікті танытып, көпқабатты үйдегі өрт салдарынан болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери жасақтарды тексеру барысында ол көп қабатты үйлердің бірінің жертөлесінде өрт шыққанын байқаған.
Жағдайды бағалап, тез арада өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалып, тұрғындарды сыртқа шығара бастадым. Кіші сержант Сергей Образцов пен қатардағы жауынгер Дамир Бисенбаевтың көмегімен үйді қоршауды ұйымдастырдық. Басқа әскери қызметшілер тұрғындарды өрт аумағынан қауіпсіз қашықтыққа апарып, қауіпсіздіктерін қамтамасыз етті, - дейді капитан Абай Жандар.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды ойдағыдай сөндіріп, сын сағаттағы жедел әрі кәсіби іс-қимылдары үшін ұландықтарға алғыс білдірді.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілері мен өрт сөндіру мамандарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде зардаптар мен залалдарға жол берілмеді. Үй тұрғындарының айтуынша, капитан Абай Жандардың және оның қарамағындағы сарбаздардың әрекеттері үрей тудырмай, эвакуация кезінде тәртіпті қамтамасыз етті.
Біз Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қайсарлығы мен жедел көмектері үшін ризашылығымызды білдіреміз. Олардың кәсібилігінің арқасында біздің өміріміз аман қалды, - дейді үй тұрғындарының бірі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?