6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер24 сәуірден бастап ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясының 800-ден астам курсанты төрт ауысымда тәулік бойы бөгеттерді нығайту және қорғаныс шекараларын салу жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, оларға қосылған 6637 әскери бөлімінің 400 әскери қызметшісі де қауіпті аймақта ауысыммен қызмет етіп жатыр. Бүгінгі таңда ұландықтардың күшімен инертті материалдары бар 200 мыңнан астам қап дайындалды. Салынған бөгеттің ұзындығы 2 шақырымнан асады. Бұл күш Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылының тұрғындарын ықтимал табиғи апаттардан қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Күн сайын сол жерде еңбек ететіндердің арасында академия курсанты Тимур Қайырханов та бар. Тимур осы міндеттің маңыздылығына тоқталды.
Біздің көмегіміз тұрғындарға қаншалықты қажет екенін түсінеміз. Бұл міндетті орындау арқылы әрқайсымыз жалпы қауіпсіздік мәселесіне үлес қосамыз, - дейді ол.
Әскери қызметші әйелдердің күшімен жеке құрамның моральдық рухын сақтау үшін тамақтану және жылыту пункттері ұйымдастырылған. Бұл әскери қызметшілерге тәулік бойы қиын жағдайда қызмет ету кезінде күш пен денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.
Бөгет жасап, қауіптің алдын алу жұмыстары әлі де жалғасуда. Ұландықтар осы жолдағы міндеттері мен азаматтар алдындағы борыштарын адал атқарып келеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі